Атырауда жабық әлеуметтік мекеме студенттері мен қызметкерлері вакцина алады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауға 3600 доза екпе жеткізілді. Жаңадан келген вакцина жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спутник V вакцинасының 3600 дозасы Ақтөбе фармацевтикалық хабынан 2 сәуір күні таңертең жеткізілді.

Оны Атырау облысындағы 22 егу пунктіне бөлу жоспарлануда.

Вакциналардың жаңа партиясы жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған азаматтардың сегіз басым санаты бойынша халықты да вакцинациялау жалғасады

Айта кетейік, бүгінгі таңда Спутник V екпесінің бірінші компонентімен өңірдің 3600 тұрғыны, екінші компонентімен 1556 адам егілді.

- Соңғы тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 311 адам алды. Оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші, 60 медицина қызметкері және 243 педагог бар, - деп нақтылады Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар