Атырауда зейнеткер пәтеріне қоқыс қалдығын жинаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйде тұратын зейнеткер пәтеріне қоқыс қалдығын жинаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы пәтер иесінің көршілері қалалық әкімдікке хат жазып, көмек беруді сұраған.

«Зейнеткер көршіміз 30 жастағы ұлымен тұрады. Көршіміз көшедегі қоқысты 13 жылдан бері пәтеріне тасып келеді. Қоқыстың сасыған иісі кіреберістен шығады. Демалу мүмкін емес. «АрнаулыАвтобаза» ЖШС-нің қызметкерлері көршіміздің пәтерінен тот басқан темірлер, тозған киімдер мен 4 газ баллонын шығарды» -дейді көршісі Валентина Сухотеплая.

Оның айтуынша, пәтеріне қоқыс жинаған зейнеткердің анасы ұқыпты, тазалықты жаны сүйетін адам болған. Сол кісі өмірден өткен соң зейнеткер көршісі қоқыс жинауды бастаған.

Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясының маманы Аман Латиповтың пікіріне сүйенсек, пәтерге залалсыздандыру жүргізу көзделген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайық жағалауын ластаған 150-ге жуық адам жазаланғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар