+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Атырауда заңсыз жүрген Ирландия азаматы елден шығарылды

2021 жылғы 1 маусым 14:01
Бөлісіңіз:
Атырауда заңсыз жүрген Ирландия азаматы елден шығарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға келген шетелдіктермен бірге Ирландия азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қай өңірлер Өзбекстан азаматтарын жұмысқа көбірек тартады Еңбекмині мен Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мигрант» жедел іс-шарасы кезінде көші-қон заңнамасын бұзудың 419 дерегін анықталған.

«Оның ішінде 229 шетелдік ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 517-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен Өзбекстан Республикасының - 8, Ирландия елінің 1 азаматы Түркістан облысындағы Жібек жолы бақылау-өткізу бекеті арқылы елден шығарылды. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ, дакто, фото есепке алуды қалыптастыру мен жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Өзбекстанның 108 еңбек мигрантына жұмысқа алған рұқсаты кері қайтарылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының 3 азаматы құжатсыз жүргені анықталған.

Көші-қон қызметкерлерінің көмегімен Қазақстан Республикасында орналасқан Өзбекстан Республикасының елшілігі арқылы олардың төлқұжаты қалпына келтіріліп, Қазақстан аумағынан сот шешімімен шығарылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда құжатсыз жүрген 25 шетелдік анықталған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT