Атырауда заңсыз айналымнан 3972 бөтелке алкоголь мен 2500 литр дизель алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда заңсыз айналымнан 3 972 бөтелке алкоголь, 2 500 литр дизель алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау, жолын кесу іс-шаралары жүріп жатыр.

«Биылғы жыл басынан бері осындай іс-шаралардың нәтижесінде 3 972 бөтелке заңсыз алкоголь өнімдері анықталды. Оның ішінде 1 942 бөтелке тәркіленіп, 2 030 бөтелке алкогольге қатысты іс материалдары Атырау қаласының әкімшілік сотына жолданды. Мұнай өнімдерін заңсыз жолмен сатумен айналысқан жеке тұлғадан 2 500 литр дизельдік отын тәркіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін балықты заңсыз аулағандарға 3 аптада 7,4 млн теңге айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар