Атырауда зағиптар ұйымы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға араластыру, тұрмыстық жағдайы төмен ұйым мүшелеріне көмек беру мақсатында құрылған «Мөлдір көз» зағиптар қоғамдық бірлестігі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жолдас Ғұмаровтың айтуынша, қоғамдық бірлестік зағип жандардың компьютерлік сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды қолға алды. Жоба аясында зағип жандар ақысыз оқытылады. Негізгі мақсат - оларға Microsoft Word құжатын құруды, мәтін жазуды, интернет желісінде жұмыс жасауды, «Winamp» ойнатқышындағы әуендерді тыңдау мен кітап оқуды үйрету.

«Бұдан бұрын бұл жобаның паспорты мен логотипі дайындалды. Бүгінде 15 адамнан тұратын екі топ сауат арттыру жұмыстарын бастады. Жоба аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылады. Екі айға созылатын оқыту курсына келем деушілерге есігіміз ашық. Алғашында тәжірибе ретінде еніп отырған жобаны аудандарда жүзеге асыру жоспарымызда бар», - дейді «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж. Ғұмаров.

Соңғы жаңалықтар