Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Атырауда зәбір көрген 10 әйел мен 23 бала дағдарыс орталығына орналасқан

2022 жылғы 9 маусым 21:16

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері зәбір көрген 10 әйел мен 23 бала дағдарыс орталығына орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зәбір көрген.

«Жедел басқару орталығына жыл басынан бері 2 345 хабарлама түсті. Соған байланысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 600 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, 805 адам қорғау нұсқамасы шығарылды. Қорғау нұсқамасының талабын 52 адамға қатысты 461-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот аталған санатқа жататын бұзушылық жасаған үшін жауапкершілікке тартылған 189 адамға мінез-құлқына байланысты ерекше талаптар белгіледі.

«Кейбір отбасыларда әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету дерегі тіркеліп отыр. Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зәбір көрген 10 әйел мен 23 тіркелді. Олар дағдарыс орталығына орналастырылды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір аптада ғана 20 адам көлік жүргізу құқығынан айырылғанын жазған едік.


Автор:

Бек Мұстафа

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары