Атырауда волонтерлер #Birgemiz акциясына үн қосып, 100 адамға көмек берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері 100 тұрғынға көмек берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атыраулықтар да #Bizbirgemiznurotan республикалық акциясына қосылып, мұқтаж жандарға көмек беруге кірісті. Қазір көмек алуға мұқтаж 1140 отбасының тізімі түзілді. Оларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері, коронавирустың алдын алуға қажетті құралдар жеткізіледі. Көмек алатындардың қатарында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар, ардагерлер мен жалғызбасты қариялар бар» -деп хабарлады «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері алғашқы 100 тұрғынға көмек беріп үлгерді.


Соңғы жаңалықтар