+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Атырауда велосипед ұрлаған жігітке қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді

2021 жылғы 19 шілде 03:28
Бөлісіңіз:
Атырауда велосипед ұрлаған жігітке қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бірнеше велосипед ұрлаған 26 жастағы жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда көлік терезесін сындырып 2 млн теңге ұрлағандар ұсталды Атырауда елордалық дәрігерлер 5 балаға ота жасап, 300-ге жуық кеңес берді Шығыс Қазақстанда сатушы әйел өзі жұмыс істейтін дүкеннен ақша ұрлаған

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 12-16 шілдеде «Велосипед» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен.

«Іс-шара кезінде Атырау қалалық полиция басқармасы №1 полиция бөлімінің жедел уәкілдері көпқабатты үйлердің кіреберісінен бірнеше мәрте велосипед ұрлаған 26 жастағы жігітті ұстады. Күдіктіден айғақ заттар тәркіленіп, 11 қылмыстық іс тіркелді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір 26 жастағы жігітке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі, 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қоғамдық орында төбелескен үш жігіт жазаланғанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT