Атырауда вакциналау туралы бейнеролик байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда вакциналау туралы бейнеролик байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқауды облыстық әкімдіктің қолдауымен «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі ұйымдастырған. Медиахолдинг директоры Ысқақ Егембердиевтің айтуынша, 6 қыркүйекте басталған байқаудың жүлде қоры – 1 млн теңге. Байқауға 20-ға жуық оператор бейнеролик ұсынған.

«Операторлар бейнероликті шығармашылық және кәсіби тұрғыдан түсіруге көңіл бөлген. Барлық бейнеролик ерекше бағалауға, назар аударуға тұрарлық. Өйткені, олар коронавирус инфекциясына қарсы күресті арқау еткен. Байқау қорытындысымен үш жеңімпаз анықталды. Олар – креативті жастар. Жеңімпаздардың бейнеролигі әлеуметтік желіде жарияланып, жергілікті телеарналардан көрсетіледі» - дейді медиахолдинг директоры Ысқақ Егембердиев.

Бірінші орынды иеленген Нұрсұлтан Зиядаевқа 500 мың теңге берілді. Екінші жүлдеге (300 мың теңге) Расул Бекмағамбетов, үшінші орынға (200 мың теңге) Асхат Тантаев ие болды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда вакцина салдырған 6 адамның әрқайсысы 1 млн теңге ұтып алғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар