Атырауда вакциналардың І компонентін 100 мыңнан астам адам салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 100 мыңнан астам коронавирус инфекциясына қарсы адам вакциналардың І компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, кеше, 6 шілдеде «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін жергілікті 2 640 жергілікті тұрғын алған.

Вакцина салдырғандардың арасында 75 дәрігер, 185 педагог, 77 студент, 35 мемлекеттік қызметші, созылмалы ауруы бар 178 адам мен жергілікті 2 078 тұрғын бар. Сондай-ақ, арнайы мекемелердің 8, құқық қорғау органдарының 3 қызметкері вакцина ектірген.

«Жаппай вакциналау басталғаннан бері – 1 ақпан-6 шілде аралығында қауіпті вирусқа қарсы вакциналардың I компонентін 100 919 адам салдырды. Вакциналардың II компонентін 54 495 жергілікті тұрғын алды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бір күнде 4 мыңға жуық адам вакцина салдырғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар