Атырауда вакцинацияның алғашқы күні 135 адам екпе алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Спутник V» вакцинасын алғашқы күні 135 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Атырау қаласында «Спутник V» вакцинасын салдыру процесі үш медициналық мекемеде өткен.

«Мәселен, № 3 қалалық емханада - 55 адам, Геолог кентіндегі емханада – 70, ал №2 облыстық ауруханада 10 адам екпе салдырды. Екпе алғандардың бәрі өздерін жақсы сезінді. Бәрінің денсаулығы қалыпты, вакцинаның жанама әсері байқалған жоқ» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өңірде вакцина салдыру үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 24 мекемеде арнайы орындар ашылған.

Оның ішінде 15 мемлекеттік мекеме бар. Ал, қалғаны – жекеменшік медициналық мекемелер.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлаған едік.




Соңғы жаңалықтар