+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Атырауда вакцина салдыру кезінде дәрігерлерге дөрекілік көрсеткен шетелдікке айыппұл салынды

2021 жылғы 28 шілде 16:53
Бөлісіңіз:
Атырауда вакцина салдыру кезінде дәрігерлерге дөрекілік көрсеткен шетелдікке айыппұл салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда дәрігерлерге дөрекілік көрсеткен, вакцинаның жағымсыз әсері туралы жала жапқан шетелдікке айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды Атырауда жазушы Рақымжан Отарбаевқа арналған кітап таныстырылды

Бұған дейін Атырауда шетелдік дәрігерлерге дөрекілік көрсеткені анықталып, № 3 қалалық емхананың әкімшілігі вакциналау бекетінің медқызметкерлерін қорлағаны үшін, сондай-ақ, вакцинаның жағымсыз әсері туралы жала жапқаны үшін полицияға арыз жазған еді.

Атырауда мамандандырылған әкімшілік сотында «Дина» базарында жүк тиеуші болып жұмыс істейтін Өзбекстан Республикасының 24 жастағы азаматына қатысты іс қаралды.

«Сот ісіне сотталушы мен дәрігер қатысты. Сотталушы өз кінәсін мойындап, дәрігерден кешірім сұрады. Сот Өзбекстан Республикасының азаматын ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танып, 10 210 теңге айыппұл салды. Шетелдікке жұмыс беруші – сауда дүңгіршегінің иесіне де айыппұл салынды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT