+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Атырауда вакцина салдырғандар саны 115 мыңнан асты

2021 жылғы 13 шілде 07:21
Бөлісіңіз:
Атырауда вакцина салдырғандар саны 115 мыңнан асты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакциналардың І компонентін 115 мыңнан астам атыраулық салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан ғалымдары мысықты коронавирустан қорғайтын вакцина әзірледі Жаңа қаулы: Pfizer вакцинасы кімге, қалай, қашан салынады ЖОО оқытушыларының 92 пайызы, студенттердің 70 пайызы вакцина алды – БҒМ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Атырауда 1 ақпаннан бері «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырғандар саны 115 019 адамға жеткен.

Вакцинаның II компонентін 61 094 атыраулық алған.

«Кеше, 11 шілдеде қауіпті вирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 1 221 тұрғын салдырды. Вакцина алғандардың қатарында 43 педагог, 32 дәрігер, 11 студент, 7 мемлекеттік қызметші, арнайы мекеменің 2 өкілі, 1 полицей бар. Сондай-ақ, вакцинаны созылмалы сырқаты бар 254 пациент пен 871 жергілікті тұрғын ектірді», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцинаның І компонентін алғандар саны 113 мыңнан асқан еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT