Атырауда вакцина салдырған он адамның әрқайсысы 1 млн теңгені ұтып алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда вакцина салдырған он адамның әрқайсысы 1 млн теңгені ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда вакцина салдырғандар арасында жүлде қоры 40 млн теңгелік ұтыс ойыны басталған болатын.

«Атырау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!» ақшалай ұтысының бірнеше кезеңін өткізді. Ал, 30 маусым мен 30 қыркүйек аралығында вакцинаның I немесе II компонентін алғандар арасында әр 10 күн сайын 200 мың теңгенің 10 ақшалай сертификатын ойнатты. Оның ішінде 30 маусым-31 шілде​ аралығында вакцина салдырғандар үшін тамыз айында 3 млн теңгелік 2 сертификат ұтысқа түсті. Ал, қыркүйекте әрқайсысы 3 млн теңгені құраған 2 сертификат ойнатылды.

Акцияның қорытынды кезеңінде вакцина алғандарға жалпы сомасы 10 млн теңгенің ақшалай сертификат табыс етілді» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақшалай ұтыс – 1 млн теңгенің сертификатын иегеннің бірі – Ашық Мақбұле.

«Күйеуім көктемде «Спутник V» вакцинасын салдырған едік. Ұтыс ойынына қатысатынымызды білмедік. Жеңімпаз болғанымызды естігенімізде, әрине, сене алмадық. Отбасымызды 72 жастағы әкеміз де​ екпе алды. Енді балалар арасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру басталса, оларды да екпе алу арқылы қорғауды ​ жоспарлап отырмыз», - дейді Ашық Мақбұле.

Жеңімпаздар қатарында көпбалалы ана Алтын Бозжанова да бар.

«Мен үшін бұл жүлде үлкен тосынсый болды. Балаларымның болашағы үшін депозит ашып, ақшаны соған саламын. Өзім облыстық жүйке-психиатриялық диспансердің асханасында жұмыс істеймін. Менің жұмысымның ерекшелігі сол, адамдармен жиі байланысуға тура келеді. Сондықтан, өзімді және жақындарымды қорғау үшін​ вакцина салдыру қажет деп шештім. Ұтыс ойынына қатысқанымды білмедім. Жеңімпаз болғанымды естігенде, әзіл ретінде қабылдадым. Атыраулықтарды коронавирус инфекцияға қарсы вакцина алуға шақырамын. Бұл – қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы» - дейді Алтын Бозжанова.


Соңғы жаңалықтар