Атырауда вакцина салдырған он адам 200 мың теңгенің сертификатын ұтып алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда вакцина салдырған тағы он адам 200 мың теңгенің сертификатын ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда вакцина алғандар арасында жалпы жүлде қоры 40 млн теңгелік ұтыс ойыны басталғанын хабарлаған едік.

Содан бері «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» акциясының бірнеше кезеңін өткізді. Ал, кеше тағы он адам әрқайсысы 20 мың теңгелік сертификаттың иесі атанды.

«Тұрғындарды ынталандыру мақсатындағы ақшалай ұтыс ойынының келесі кезеңінде 1 млн теңгелік 6 сертификат ойнатылады. Бұл кезең 6 қыркүйекте өтеді. Ал, ұтыс ойынының бас жүлдесі – 10 млн теңгені құрайтын ақшалай ұтысты қазан айында өткізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінен.


Соңғы жаңалықтар