+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Атырауда вакцина алғандар арасында жүлде қоры 40 млн теңгелік ұтыс ойыны басталды

2021 жылғы 30 маусым 15:18
Бөлісіңіз:
Атырауда вакцина алғандар арасында жүлде қоры 40 млн теңгелік ұтыс ойыны басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін «қызыл» аймақтағы Атырау облысында жүлде қоры 40 млн теңгені құрайтын ақшалай ұтыс ойыны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8,4% артты Батыс Қазақстанда казан айында 1 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды

Бұл іс-шараны «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырып отыр.

«Ақшалай ұтыстың жүлде қоры – 40 млн теңге. Оның 10 млн теңгесі бас жүлде үшін беріледі. Бүгін, 30 маусымынан бастап 200 мың теңгелік 10 сертификат әр он күн сайын 30 қыркүйекке дейін вакцина алғандар арасында ойнатылады. Тамыз айында 30 маусым-31 шілде аралығында вакцина алғандар үшін 3 млн теңге көлемінде 2 сертификат ұтысқа түседі. Ал, қыркүйекте 1-31 тамыз аралығында екпе алғандар үшін тағы 3 миллион теңгенің 2 сертификаты ойнатылады. Қазан айында бас жүлде – 10 млн теңгені ұту үшін 1 ақпан-30 қыркүйек аралығында вакцинаның І немесе ІІ компонентін салдырған тұрғындар қатыса алады», - дейді «Азаматтық Альянс» ЗТБ төрағасы Әлібек Семғалиев.

Оның айтуынша, жеңімпаздар Атырау облысының «Азаматтық Альянс» ЗТБ-ның әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирінде анықталады. Оған акцияның ашықтығын

қамтамасыз ету үшін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, блогерлер мен қоғам белсенділері тартылмақ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда вакцина алғандарға сыйлық берілетінін хабарлаған болатынбыз .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT