Атырауда вакцина алған студенттерге бірнеше сыйлық берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті вакцина алғанстуденттерге бірнеше сыйлық тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Университет ректоры Саламат Идрисовтің айтуынша, оқытушылар мен қызметкерлердің,

студенттердің денсаулығын сақтау үшін вакцина салдырудың маңызына баса көңіл бөлініп отыр.

«Мақсатымыз – ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Өйткені, жаһан жұртына қауіп

төндірген коронавирус инфекциясынан тек вакцина ғана қорғай алады. Осы мақсатта

студенттер арасында «Вакцина ал да ұтыс ойынына қатыс» акциясын өткіздік. Акцияға 1

шілде-25 тамыз аралығында вакцина салдырған 1 333 студент қатысты», -дейді Саламат

Идрисов.

Ұтыс ойынының нәтижесінде 50 студент жатақханаға орналасу үшін 50 пайыздық жеңілдікті, 49 студент шет тілін үйрететін тегін курсқа қатысу жолдамасын ұтып алды.

Ал, 30 студент Нұр-Сұлтан қаласына тегін саяхаттайтын болды. Сондай-ақ, 3 студентке

оқу ақысына 30, 50 және 100 пайыздық жеңілдік берілді. Оқу ордасының 5 шәкірті ноутбук иеленді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда вакцина салдырған бойжеткен 500 мың теңгенің

туристік жолдамасын ұтып алғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар