+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырауда үздік учаскелік полиция бекетіне қызметтік көлік берілді

2020 жылғы 15 қараша 00:13
Бөлісіңіз:
Атырауда үздік учаскелік полиция бекетіне қызметтік көлік берілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үздік учаскелік полиция бекетіне қызметтік көлік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Сергек» камералары 800 мыңнан астам ереже бұзу фактілерін тіркеді Өскеменде 3 көлік соқтығысты Алматыда полиция көлігіне «Сергек» камерасы орнатылды

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен учаскелік полиция

инспекторларына автокөліктер бөлінді. Сондай қызметтік көліктің бірі Атырау қаласындағы №14 учаскелік полиция бекетіне берілді. Олар «Үздік полиция бекеті» атағын иеленген болатын. «Нива» көлігін облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев табыс етті.

«Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру мақсатында

учаскелік полиция қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, олардың өкілеттігін кеңейтіп,

материалдық-техникалық жағдайын жақсарту қолға алынды. Қазір халықпен ұдайы байланыста болатын учаскелік инспекторлар жұмысының тиімділігін арттыруда материалдық-техникалық базаны нығайту жүргізілуде. Мемлекет тарапынан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жедел әрекет ету үшін полиция қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетілуде», - деді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Атырау қаласындағы №14 учаскелік полиция бекетінің инспекторлары 48 мыңға жуық

тұрғыны бар «Нұрсая», «Болашақ», «Жеті қазына», «Тұлпар», «Жерұйық» ықшамаудандарындағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Мұнда жаңа салынған көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, спорттық кешені, ірі колледж, Назарбаев зияткерлік мектебі, үш орта мектеп, аурухана, бірнеше көңіл көтеру орны секілді нысандар бар. Осы аумақтағы учаскелік полиция бекеті де планшеттермен, видеотіркегіш, байланыс құралдарымен қатар, әкімшілік аумақтағы аулалар мен басқа да қоғамдық орындар видеобақылау камераларымен жабдықталған.

«Мен 2014 жылдан бері учаскелік полиция қызметкері болып қызмет атқарамын. Ғимаратымыз 2018 жылы пайдалануға берілді. Енді міне, жаңа көлікке ие болдық. Бұл біздің шақыртуларға жедел жетуімізге мүмкіндік береді», - дейді аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Рүстем Жұмабаев.

Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, Атырау қаласындағы 27 учаскелік полиция бекетінде 90-нан астам учаскелік полиция инспекторы мен 30-дан аса олардың көмекшісі қызмет атқарады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT