Атырауда үздік балықшылар марапатталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Балықшы күніне орай сала үздіктері мен ардагерлері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, Атырау өңірінде балық

аулау, өңдеу ісіне 18 табиғат пайдаланушы кәсіпорын тартылған.

«Былтыр облыста «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған

өңірлік бағдарламасы» қабылданды. Содан бері аталған бағдарламаға сәйкес, 9 жобаны

жүзеге асыру жоспарланып отыр», дейді Қайрат Нұрлыбаев.

Кәсіби мерекеге орай «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін»

төсбелгісімен Рашиден Қалидуллин, Мейрамгүл Оңайбаева, Экология, геология және

табиғи ресурстар министрлігінің құрмет грамотасымен Зина Тюмешова мен Зухра

Ғұбашевалар марапатталды.

Сондай-ақ, «Восток» серіктестігінің звено жетекшісі Өмірзақ Азбергенов «Балық шаруашылығы саласына еңбек сіңірген қызметкер» атағына ие болды. Бұл марапатты оған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев тапсырды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ауланған балықтың 80 пайызы экспортқа

шығарылып жатқаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар