Атырауда үйлердің қабырғасындағы есірткі жарнамалайтын 50-ден астам жазу өшірілді
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері волонтерлермен бірге Атырау қаласындағы үйлер мен ғимараттардың қабырғасындағы синтетикалық есірткіні жарнамалайтын граффити жазуларды өшірді. Екі күн ішінде 50-ден астам жазу өшірілді.
«Атырау облысының полиция департаменті тұрғындарды адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуына бей-жай қарамауға және оған қарсы күресте азаматтық ұстанымды белсенді түрде көрсетуге шақырады. Қала тұрғындары есірткі құралдарын қолдану және тарату туралы қолда бар кез келген ақпаратты 8 (7122) 98-21-55 нөмірі бойынша «Сенім телефонына» хабарлауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ Whatsapp желісінде 8 (775) 184-89-49 нөміріне хабарласуға болады», делінген департаменттің Facebook -тегі парақшасында.