+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Атырауда үйдің қабырғасына жемқорлық тақырыбында карта салынды

2020 жылғы 29 маусым 22:34
Бөлісіңіз:
Атырауда үйдің қабырғасына жемқорлық тақырыбында карта салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тұрғын үй қабырғасына сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған карта салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алик Шпекбаев ашық әкім кабинетінің қандай болатынын айтты Алтай Көлгінов пен Алик Шпекбаев «Астана – адалдық алаңы» жұмысымен танысты Кәсіпкерлер жұмысына кедергі келтіретіндерге жаза күшейтілді

Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының суретшісі Мирас Жанғожиевтің айтуынша, карта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің парасаттылық, әділдік және сенім сияқты негізгі адами құндылықтарын қамтиды. Өйткені, парасаттылық идеологиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің тұжырымдамалық негізі болып айқындалған. Бұл кешенді ұғымға адалдық, әдептілік, заңдылық, сатылмаушылық, сенімділік, адамгершілік тұрғыдағы тұрақтылық жатады.

«Біздің академиядағы бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосып, әлеуметтік зұлымдықпен күресуді мақсат етіп отыр. Мұндай жобалар өте күрделі болғанымен, жұмыстың нәтижесін қала тұрғындарының оң пікірен байқаймыз», - дейді суретші Мирас Жанғожиев.

Оның айтуынша, бір сурет бір аптадан 10 күнге дейінгі мерзімде салынады. Суретті салу үшін бояу құйылған арнайы баллондар пайдаланылады.

«Баллондағы бояу ылғалға төзімді. Егер үйдің қабырғасы сапалы әрі сенімді болса, онда өте ұзақ сақталып тұрады. Бір суретті қабырғаға түсіру үшін бояу құйылған 100-ден астам баллон кетеді. Мұндай суреттерді алда да салуға тырысамыз», - дейді М.Жанғожиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT