Атырауда үй карантинінде мыңнан аса адам жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда үй карантинінде 1298 адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Облыстық ауруханадағы дертке шалдыққан әйел мен қызда аурудың жеңіл белгілері байқалады. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, жеңіл жөтел бар.

Бүгінде инфекциялық стационарда 18 науқас, провизорлық стационарда – 40 адам, карантиндік стационарда 151 науқас бар. Ал, үй карантиніне 1298 адам жатқызылған» -делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар