+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Атырауда ұшақтың әуежайға неге шұғыл қонғаны белгілі болды

2019 жылғы 27 қазан 15:01
Бөлісіңіз:
Атырауда ұшақтың әуежайға неге шұғыл қонғаны белгілі болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Құзырлы органдар кеше Атырауда ұшақтың неге шұғыл қонуға мәжбүр болғанын тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау» халықаралық әуежайы техникалық қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтаннан жолға аттанған «Эмбраер» ұшағында діттеген жерге жетуге аз қалғанда дабыл іске қосылған. Ол май қысымының төмендеп кеткенін білдіретін дабыл еді. Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ төтенше жағдайға байланысты Атырау қаласының әуежайына келіп қонған. Кемшілікті жойып, аққан майды тоқтату үшін инженерлер жұмыс істейді. Басқа қалада тұратын жолаушылар қонақ үйге орналастырылған.

КС984 рейсімен Атыраудан Нұр-Сұлтанға жолға шыққан барлық жолаушылар бүгін басқа рейспен діттеген жеріне жеткізіледі.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін Атырауда ұшақ шұғыл жағдайда әуежайға қонған болатын. Осы себепті Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілетін рейс кейінге шегерілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT