Атырауда үш жылу пунктіне салқын су беру тоқтатылады

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында үш жылу пунктіне салқын су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Атырау облысы су арнасы» КМК 2 ақпанда Д-560 мм магистральды су құбырындағы апатты қалыпқа келтіру жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр.

«Осыған байланысты 2 ақпанда таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданындағы №2, 3, 5 жылу пунктілеріне салқын су беруді уақытша тоқтату жөнінде шешім қабылданды. Сол себептен аталған шағын ауданның Нарембаев көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен нысандарға салқын су берілмейді», -деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 16 елді мекенде ауыз су желісі жүргізілетінін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар