Атырауда үш күнде 605 адам вакцина алды, оның 400-ден астамы – педагог

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында үш күнде 605 адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Оның ішінде 408 мұғалім бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, білім саласының қызметкерлері арасында екпеге қатысты түсіндіру жүргізіліп жатыр.

Соның бірі Атырау энергетика және құрылыс колледжінде өтті.

Онда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Ләззат Жайлауова, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Нұрбақыт Құпжанов, облыстық білім басқармасының бас маманы Гаухар Такузова вакцина алудың маңызын әңгімеледі.

Мұғалімдер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Атырау облысында 9 наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация салу басталды. Соңғы 3 күнде 605 атыраулық вакцина алды. Оның ішінде 408 педагог, 183 медицина қызметкері, 14 мемлекеттік қызметші бар» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда мұғалімдер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастаған болатын.


Соңғы жаңалықтар