Атырауда үш күнде 100-ден астам жасөспірім жауапқа тартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үш күнде құқық бұзған 106 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция қызметкерлері Атырау қалалық білім бөлімінің мамандарымен бірге «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасын өткізді. Үшкүндік рейд барысында 107 әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Осыған байланысты 106 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, ювеналды полиция инспекторлары 96 қолайсыз отбасымен, ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 41 жасөспіріммен профилактикалық жиын өткізді.



Соңғы жаңалықтар