Атырауда үш көлік соқтығысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында үш көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде жол Атырау қаласында «Исатай-Махамбет» орталық алаңының маңындағы жолда жол-көлік оқиғасы туралы суреттер тарады.

Бүгін, 13 қыркүйекте сағат 17:20 шамасында болған. кептелістің салдарынан «Lada Priora», «Hyundai Tucson», «Toyota Hilux» маркалы үш автокөлік соқтығысқан. Көлік апаты болған жол бөлігінде бағдаршам орнатылмаған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы мерт болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар