Атырауда ұрылар аяғы ауыр әйелді байлап, 23 млн теңгесін алып кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 23 млн теңге мен құнды заттарды үптеп кеткен қарақшылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 қаңтарда «Томирис» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің біріне үш белгісіз адам - екі ер адам мен әйел адам кірген. Үйде аяғы ауыр әйел болған. Олар үй иесін скотчпен байлап, пәтерден 23 миллион теңге мен құнды заттарды алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тонаушылар ұсталды. Ақшалар мен құнды заттар тәркіленді», - деп түсіндірді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар