Атырауда ұрланған бағалы заттар, ноутбук, телефондардың иелері іздестіріліп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ұрланған бағалы заттар, ноутбук, телефондардың иелері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау полициясы жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бірнеше ұрлық дерегі ашылды. Пәтерлерді, жекежайларды тонаған баукеспелерден түрлі техникалар, мобильді телефондар, басқа да бағалы заттар тәркіленді.

«Қазірге дейін 13 жәбірленушінің бұйымдары қайтарды. Дегенмен, ноутбуктер, аудиоаппаратуралар, бірнеше қолсағат, алтыннан, күмістен жасалған бұйымдар әлі иесін тапқан жоқ. Жәбірленушілерден №1 қалалық полиция бөліміне хабарласуын сұраймыз», - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, жәбірленушілер мүліктің өзінікі екенін растайтын құжаттарды немесе чектерді ала келуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар