Атырауда Ұлттық ұлан қызметкерлері бекіре балығымен ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ҚР Ұлттық ұланының қызметкерлері үлкен бекіре балығымен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат таңертеңгі 10.00 шамасында «Бекіре-2018» жедел іс-шарасына бөлінген «Пешной» бекетінде кезекші жол-патрульдік полициясы қызметкерлерімен Дамба бағытынан келе жатқан 55/46 әскери бөлім қызметкерлерінің басқаруында арнайы  Газель автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктен 5 пакетке салынған 47 дана бекіре тұқымдас балықтары табылды»,  деп хабарлайды Атырау  облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, балықтар арнайы орынға тапсырылды. Тергеу барысында балықтардың жалпы салмағы 162 келіні құрады. Қазіргі уақытта ҚРҚК-нің 339 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Абай Абылайұлы

Соңғы жаңалықтар