Атырауда ұлттық домбыра күні қалай тойланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Ұлттық домбыра күніне орай Құрманғазы ескерткішіне гүл шоғы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда артына мол шығармашылық мұра қалдырған қазақ өнерінің қайталанбас саңлақтары, күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлына, күй анасы Дина Нұрпейісова мен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қаршыға Ахмедияровқа еңселі ескерткіш қойылған.

Бүгін Ұлттық домбыра күніне орай өңірдің зиялы қауым өкілдері ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткішке гүл шоғын қойды.

«Алаш жұрты Атырауды ежелден күй елі, күйдің Отаны деп біледі. Ғасырдан ғасырға жеткен батыстың күйшілік өнері тарихының тамыры тереңде жатыр. Киелі топырақтан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Есбай мен Баламайсан, Қаршыға мен Рысбай, Әзидолла ағаларымыз бен қазақ күйінің қазіргі мақтанышы Айгүл Үлкенбаева түлеп ұшқан. Сондықтан, Атыраудың күйшілік өнерін ұлттық мәдениеттің күре тамырының бірі ретінде айтуға толық негіз бар» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, қазақпен бірге егіз ұғымға айналған домбыра – ұлттық брендтің бірі. Сол себептен, ұлттық а күнінің мерекелер күнтізбесіне енгені ұлттық руханиятымызға соны серпін берді.

«Өйткені, домбыра – ұлттың үні мен жаны ғана емес, мыңдаған жылдар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан қастерлі қасиеті. Бағзы бабалардан жеткен басты байлығымыз. Сондықтан, домбырасыз ұлт мәдениеті тарихын көз алдымызға елестету мүмкін емес» -деді Махамбет Досмұхамбетов.

«Нарын» халық аспаптар оркестрі ашық аспан астында Құрманғазы Сағырбайұлының «Серпер», «Балбырауын» және басқа да бірнеше күйін орындады.





Соңғы жаңалықтар