Атырауда ТЖ режимін 700 полиция қызметкері тәулік бойы қадағалайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда төтенше жағдай режимін 700 полиция қызметкері тәулік бойы қадағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік жедел штабтың мәліметінше, шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты Атырау қаласында төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері тартылады.

«Атырау қаласының көшелерінде 17 сәуір, таңғы сағат 7:00-ден бастап 40 патрульдік көлік пен 40 жаяу патруль тәулік бойы жұмыс істейді. Облыс орталығы бірнеше секторға бөлінеді. Әр секторға жауапты тұлғалар бекітіледі», -деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.


Соңғы жаңалықтар