Атырауда тұзаққа түскен жабайы дала мысығы табиғатқа жіберілді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тұзаққа түскен жабайы дала мысығы табиғатқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Нұрлан Иманғалиевтің айтуынша, жабайы дала мысығы шаруа қожалығының тұзағына түскен.

«Өткен демалыс күндері Атырау қаласының маңындағы шаруа қожалығының аумағында жабайы дала мысығы ұсақ жандықтар мен құстарды жарақаттаған. Сол кезде жабайы

мысық тұзаққа түсіп қалған. Бірақ, шаруа қожалығының жетекшісі тосын әрекетке бармай, волонтерлерге жүгінген. Еріктілер бұл жөнінде облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына хабарлады. Біздің инспекция инспекторлары еріктілермен бірге жабайы мысықты «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына әкеліп, табиғи мекендеу ортасына жіберді», -дейді Нұрлан Иманғалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қаласының көшесінде түлкі жүргенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар