+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Атырауда түрмеге трамадолды дезодорантқа жасырып өткізбек болған

2021 жылғы 6 тамыз 02:31
Бөлісіңіз:
Атырауда түрмеге трамадолды дезодорантқа жасырып өткізбек болған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түрмеге трамадолды дезодорантқа жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Құны 18 млн теңге болатын автотиегішті айдап әкеткен күдіктілер ұсталды Қарағанды облысынан көлік ұрлаған күдікті елордада полицейді қағып кетті ШҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшілері анықталды

Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу изоляторында ұрлық жасағаны үшін қамауға алынған күдіктіге әкелген сәлемдемелерді тексеру кезінде дезодорант ішінен 377 трамодол дәрісі табылған.

«Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде заңсыз сәлемдеме иесіне жеткен жоқ. Тергеу изоляторына Атырау қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, сәлемдемені әкелген ер адам ұсталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір заңсыз сәлемдеме әкелген азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 481-бабымен (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда велосипедпен есірткі тасымалдаған ер адам ұсталған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT