USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамауға алынды

2021 жылғы 18 қаңтар 08:51
Бөлісіңіз:
Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамауға алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түрмеге телефон лақтырғандар қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
18 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам Павлодарда ұсталды Ақмола облысында іздеуде жүрген екі қылмыскер қолға түсті ШҚО-да сібір елігін атқан ер адам ұсталды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, УГ-157/9 (ерлер түзеу колониясы) мекемесінің қоршауынан тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған екі ер адам ұсталған.

«Олар Атырауға Маңғыстау облысынан арнайы келген. Тексеру кезінде олардан ұялы телефондар, интернет модем, құлаққаптар мен қуаттандырғыш табылды. 25 жастағы екі азаматтың бұрын сотталғаны белгілі болды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ұсталған азаматтар бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасаған. Сол кезде сот оларға ескерту берген. Ал, бұл жолы сот шешімімен екеуі де 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«УГ-157/9 мекемесінің аумағында «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылды. Түрменің маңына полиция қызметкерлері үнемі бақылау жүргізеді. Ал, тыйым салынған заттарды өткізуге ұмтылу секілді құқық бұзушылар қатаң жазаланатын болады», - дейді департамент бастығы Манарбек Ғабдуллин.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудың тұрғыны түрмеге 4 телефон өткізбек болған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT