Атырауда түрмедегілерге тұмауға қарсы вакцина салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қамаудағы күдіктілерге тұмауға қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемеcінде отырған күдіктілер мен жазасын өтеуге қалдырылған сотталушыларды тұмауға қарсы вакцинациялау басталды. Вакцина келісім берген күдікті мен жазасын өтеушіге салынуда.

«Мақсат –тұмаудың алдын алу. Өйткені күз мезгілінде жұқпалы аурулар өршіп, вирустар белең алады», -дейді мекеменің дәрігері Рамила Күншығарова.

Оның айтуынша, вакцина мәжбүрлі түрде емес, қамауда отырған тұлғалар не сотталғандардың келісімен жүргізіледі. Вакцинаны алуға келіскендердің денсаулығы жарамды болып, созылмалы ауруы болмауы керек. Қазір 100-ден астам адамға вакцина салынған.


Соңғы жаңалықтар