Атырауда түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылды, депхабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу изоляторы орналасқан УГ-157/1 мекемесі арнайы контигент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірханның айтуынша, енді тергеу изоляторындағы азаматтар үшін туыстары онлайн-дүкеннен тапсырыс бере алады.

«Мекемеде сотқа дейін уақытша ұсталып отырған, сондай-ақ жазасын өтеу үшін

шаруашылық қызметіне қалдырылған тұлғалардың туыстары үйден шықпай-ақ, тауарларды таңдай алады. Содан соң таңдаған тауарларының тізімін мекемеге жібереді.

Мекемемен келісімшартқа отырған жеке кәсіпкер берілген тапсырысты орындап, тауар бірнеше сағаттың ішінде сотталған немесе күдікті ретінде отырған азаматтың қолына жетеді», -дейді Қаламқас Әшірхан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау сотталғандар көше сыпырып жүргенін хабарлап едік.



Соңғы жаңалықтар