+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Атырауда түркиялық инвестор күкірт бетонитін өндіруі мүмкін

2021 жылғы 11 маусым 05:40
Бөлісіңіз:
Атырауда түркиялық инвестор күкірт бетонитін өндіруі мүмкін

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түркиялық инвестор күкірт бетонитін өндіруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
CҚО-да майлы дақылдарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды Асқар Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен  бірлескен инвестжобаларды іске асыруды талқылады Президент: Көмірсутек энергетикасына инвестиция тарту жалғасады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов түркиялық «BRIMSTONE Sulphur Provider Company» компаниясының негізін қалаушы Эфе Мунип Нурдоғдумен кездесіп, химия өнеркәсібі саласына қатысты жобаларды талқылады.

Облыс әкімінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, еліміздің батыстағы өңірлері мұнай-химия кешендерін салып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік циклдарын құруға ерекше назар аударып отыр.

Осы бағытта Атырау өңірінде бірқатар ауқымды жоба қолға алынып, инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркия инвесторы Атырау облысында күкірт бетонитін өндіретін өнеркәсіп орынын ашуға дайын екенін жеткізді. Инвестиция көлемі шамамен 10 млн АҚШ доллары болатын жоба 50-ге жуық адамды тұрақты жұмыс орналастыруға жол ашады.

«Қазақстанда күкірттің жеткілікті қоры бар. Алайда, біз үшін де, жалпы ел үшін де шикізатты терең өңдеуді ұйымдастыру, дайын өнімді күкірт бентониті түрінде шығарып, шетел нарығына экспорттау әлдеқайда тиімді. Логистикалық тұрғыдан алғанда, Атырау облысы – бұл жобаны жүзеге асыру үшін өте ыңғайлы инвестициялық алаң. Осы облыстан Қытай, Еуропа мен Ресей нарығына шығудың тиімді тұсы көп»,- деді Мунип Нурдоғду.

Оның айтуынша, Түркияның Измир қаласындағы зауыт күкірт пен ілеспе өнімдерін Еуропа елдеріне шығарады.

Түркиялық компанияның өнімдері ауыл шаруашылығы саласында әсіресе, сортаң әрі тұзды жерге таптырмайтын табиғи тыңайтқыш ретінде қолданылады.

Сондай-ақ, Түркия инвесторлары «Теңізшевройл» ЖШС өкілдерімен шикізатпен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты келіссөз жүргізген.

Еске ала кетелік, бұдан бұрын Атырауда инвесторлар 3,6 млрд теңгенің жобаларын іске асыратынын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT