Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Атырауда туризм саласында 10,8 млрд теңгенің 9 инвестициялық жобасы іске асырылады

2022 жылғы 2 шілде 01:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда туризм саласында 10,8 млрд теңгенің 9 инвестициялық жобасы іске асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтің мәлім етуінше, бұл жобаларды 2025 жылға іске асыру жоспарланған.

«Атырау облысында 2020 жылы туризм саласындағы инвестиция көлемі 20,5 млрд. теңге болған еді. Ал, өткен жылғы инвестиция 27,5 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 34,15%-ға артты. Былтыр ішкі және кіру туризмі бойынша 46 мың 200 адамға 1 млрд 675 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Облыста осы салада қызмет көрсететін 40-тан астам туристік ұйымдар мен 106 орналастыру орындары бар», -дейді Нұрбол Жаңабеков.

Оның айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына сәйкес, 10,8 млрд теңгенің 9 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобаларда 338 жұмыс орнының құрылады. Оның ішінде «Сарайшық» визит орталығының құрылысы бюджет есебінен қаржыландырылса, 8 жобаны жеке инвестиция есебінен іске асырылып жатыр.

Қазір 4 жоба іске қосылған. Бұлар – «Нұрлы тал» этнопаркі, Құрманғазы ауданындағы екі туристік-демалыс базасы мен Мақат ауданындағы ашылған кемпинг.

«Кешенді жоспардағы 9 жобаға «Нұрлы-Тал» этнопаркі, «Keremet park» аттракционы мен белсенді отбасылық демалыс паркі, «Сарайшық» визит-орталығы, «Эльдорадо» демалыс базасы, Индер ауданындағы тұзды көл жағалауындағы шипажай-сауықтыру кешені, Құрманғазы ауданында туристік балық аулау базасы мен «Қиғаш» туристік базасын қайта жаңғырту жобасы, Исатай ауданындағы Атырау-Астрахань тас жолындағы «AMANDYQ» кемпингі, Мақат ауданында «Ақтөбе-Атырау» тас жолы бойындағы кемпинг кіреді», -дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабаев.

Махамбет ауданындағы «Ортағасырлық Сарайшық» кешені Туристендіру картасына енгізілген. Қазір мұнда «Сарайшық» визит орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оны осы жылдың екінші жартысында іске қосу жоспарланып отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда әр күні түрлі іс-шара өтетін этносаябақ ашылғанын хабарлаған едік.

Автор:

Бек Мұстафа

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар