Атырауда туристік логотип жасауға бөлінген 3,7 млн теңге бюджетке қайтарылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өңірдің туристік логотипін жасау конкурсынан бас тартып, оған бөлінген 3,7 млн теңгені бюджетке қайтаруға шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына қарағанда, ҚР Үкіметінің туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Облыстың туристік логотипін жасау» қызметі қарастырылған. Ондағы мақсат — өңірдің брендін және ұранын дайындаудың мақсаты, өңірде ішкі туризмді дамыту, өңірдің информациялық алға жылжыуына жәрдемдесу.

«Биылғы 15 маусымда «Атырау облысының туристік логотипін жасау» жөніндегі мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс жарияланды. Конкурстың бірінші кезеңінде қатысушы болмаған. «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес 14 шілдеде екінші рет ашық конкурс тәсілімен қайтадан жарияланды. Бұл конкурс бойынша өңірдің логотипі электронды түрде жасақталуы тиіс еді. Онлайн режимінде жүргізілген сұраныстан соң, логотип таңдалып, сараптық комиссия қарауына ұсынылады деп жоспарланған болатын», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алайда, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы эпидемиологиялық ахуалға байланысты мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарланған туристік логотипті жасақтауды қысқартты. Оған бөлінген 3,7 млн теңгені бюджетке қайтару туралы шешім қабылданып отыр.

Еске сала кетелік, Атырау облысында карантин режимі күшейтілген еді.



Соңғы жаңалықтар