+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Атырауда тұрғындардың серуендеуіне кедергі келтірген 15 велосипедші жазаланды

2021 жылғы 5 тамыз 05:00
Бөлісіңіз:
Атырауда тұрғындардың серуендеуіне кедергі келтірген 15 велосипедші жазаланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тұрғындардың серуендеуіне кедергі келтірген 15 велосипедші жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауға өзге қалалардан келген жеңіл жүрісті қыздар ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласындағы велосипедшілердің Жайық өзенінің жағалауында сағат 19:00-23:00 аралығында жүруіне тыйым салынған.

«Бірақ, велосипедшілер бұл тыйымды ескермейді. Сөйтіп, велосипедшілер тыйым салынған уақытта жағалауда жүріп, тұрғындардың серуендеуіне кедергі келтіреді. Сол себептен, тұрғындар тарапынан шағым көбейді. Осыған байланысты Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция құрамынан жаяу патрульдеу бекеті ұйымдастырылды. Өткен аптада Жайық жағалауында сағат 19:00-23:00 аралығында велосипедпен жүрген 15 адам анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Велосипедпен тұрғындардың серуендеуіне кедергі келтіргендерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 615-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда велосипед ұрлаған жігітке қатысты 11 қылмыстық іс тіркелгенін жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT