+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Атырауда тұмау вакцинасының 65 мың дозасы сатып алынды

2021 жылғы 22 қыркүйек 06:22
Бөлісіңіз:
Атырауда тұмау вакцинасының 65 мың дозасы сатып алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында тұмауға қарсы вакцинаның 65 мың дозасы сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады - Бас еңбек инспекторы Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 70 869 адам тұмауға қарсы екпе алған.

«Оның ішінде 60 000 адам тегін, 536 адам ақылы түрде вакцина салдырды. Ал, жұмыс берушінің қаражаты есебінен 10 333 адамға вакцина салынған еді. Енді биыл жергілікті бюджет қаражатына Ресейде шығарылған тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 65 мың дозасы сатып алынды. Вакцинаны ақысыз негізде 6 айдан асқан балалар, жиі ауыратын медицина қызметкерлері алады. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде оқитын оқушылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін алушылар, жүкті әйелдер, жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы ауруы бар адамдар үшін тегін болады. Вакцинаны күзде алған дұрыс. Өйткені, тұмаудың күшеюі әдетте, желтоқсан мен наурыз аралығында тіркеледі. Иммунитет вакцинациядан кейін 14 күн ішінде қалыптасады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауға Ресейден коронавирус жұқтырған 52 қазақстандық келгенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT