+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда «Тухлая балка» қалпына келтіріліп, жаңа кәріз-тазарту құрылғылары беріледі

2021 жылғы 15 маусым 10:00
Бөлісіңіз:
Атырауда «Тухлая балка» қалпына келтіріліп, жаңа кәріз-тазарту құрылғылары беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту туралы жол карталары қалай орындалатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының Индер ауданындағы тұзды көл мен жасанды карьерлер жабылды Сібірдегі орман өрттерінің түтіні Моңғолия астанасын басып қалды Алматы әкімдігі әуежай маңында ағаштардың «кесілуін» түсіндірді

«Атырау облысы бойынша «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіру басталды. Биыл Атырау қаласының сол жағалауында жаңа кәріз-тазарту құрылғылары пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2023 жылы аяқталатын ескі кәріз-тазарту нысандарын қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. 2024 жылы «Квадрат» булану алаңын тазарту аяқталады», - деді М. Мырзағалиев бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында ферроқорытпа зауытында цехтарды жаңғырту және қайта құру жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 2022 жылдың аяғында шығарындылар 30%-ға азаяды.

«Ал Алматы қаласы бойынша екінші және үшінші жылу электр орталығын жаңғырту жобасы жеделдетуді қажет етеді. Өз кезегінде, әкімдік қоғамдық көлікті газға көшіру және жел режимін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, кейіннен бас жоспарға түзетулер енгізуі керегін атап өтемін. Қарағанды облысында қол қойылған «Арселор Миттал Теміртау» меморандумына сәйкес, 2025 жылға дейін атмосфераға шығарындыларды 30% төмендетуге міндеттенеді. Сондай-ақ Теміртау қаласының айналасына 500 мың ағаш отырғызылады», - дейді Экология министрі.

Шығыс Қазақстан облысында «Казцинк» кәсіпорынының меморандумына сәйкес, атмосфераға шығарындылар 20%-ға төмендейді деп күтілуде. Сондай-ақ, қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары сәйкестендіріледі.

«Маңғыстау облысында «Қошқар ата» тарихи ластануын жою басталды. Аяқтау 2023 жылға жоспарланған. Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз» компаниясы 2024 жылға дейін 2,5 млн тонна мұнай қалдықтарын жоюды және кәдеге жаратуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 437 мың тонна жойылды. Өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешу олардың қысқа мерзімде орындалуын талап ететінін ескере отырып, жол карталарын белгіленген мерзімде орындау жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау қажет деп санаймыз», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT