Атырауда туа біткен патологиясы бар балаға күрделі ота жасалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда туа бітті патологиясы бар балаға күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, облыстық балалар ауруханасының нейрохирургтары 4 айлық баланың басына жасаған күрделі ота сәтті өткен.

«Анасы баласының бас пішініндегі диспропорцияны байқаған. Бала екі айға толғанда анасына нейрохирург кеңес берген. Кейін балаға «бас сүйегінің туа біткен патологиясы», «сагитальды краниостеноз» диагнозы қойылды» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, туа біткен патология кезінде бас диспропорция өсе бастайды. Сол балаға жоспарлы хирургиялық емдеу, сондай-ақ, краниотомия ұсынылған.

«Отадан кейін дәрігерлер науқастың жасына сәйкес бас пішінінің пропорцияларын орнына келтірді. Біраз уақыттан кейін бала үйіне шығарылды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 4-ші қабаттан құлаған бала тірі қалғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар