Атырауда Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Омар Бержанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымына жаңа бастық, азаматтық қорғау полковнигі Омар Құмарұлы Бержановты таныстырды.
Омар Бержанов еңбек жолын 1989 жылы Гурьев облыстық ішкі істер басқармасының №57 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші қызметінен бастаған.
Бұдан соң мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшылық лауазымдарында, Атырау облысы МӨҚҚ анықтау бөлімінің бастығы, Атырау облысы бойынша ӨС және АҚЖҚ ММ филиалы бастығының орынбасары, Атырау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ ММ бастығы қызметтерін атқарған.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, Қызылорда облысы ТЖД бастығы қызметтерін атқарған.
ІІІ, ІІ, І дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен және тағы басқа көптеген марапаттарға ие болған.
- Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды
- Америка әншісі мәнерлеп сырғанаған атыраулық оқушыға қолдау білдірді
- Атыраудың 8 ықшамауданында тұрғындар жарықсыз отыр
- Атырауда Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың иегерлері анықталды
-
Атырау облысында жоғалып кеткен 3 адам табылды
-
ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам