Атырауда төрт елден келген 26 адам карантинде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында төрт елден ұшып келген 26 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Олардың 3-еуі Италиядан, 10-ы Германиядан, 12-сі Испаниядан, біреуі Франциядан келген. Бәрі 1 «А» санаты бойынша облыстық туберкулезге қарсы диспансердің стационарында 14 күн бойы медициналық бақылауда болады. Ал, 1 «Б» санатымен 5 адам бақылауға алынды. Олар да осынша уақыт үй жағдайында қадағалауда болады. 2-санат негізінде тұрғылықты жерінде медицина қызметкерлерінің күн сайын қоңырау шалуы арқылы бақылауында 26 адам бар», - деді Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Балкенже Қабирова.


Соңғы жаңалықтар