18:46, 07 Желтоқсан 2017 | GMT +6
Атырауда төбелеске қатысқан оқушылардың ата-аналары сотта жауап береді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Топтасып төбелескен 6 тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы балалары үшін сотта жауап береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қаладағы мектептің бірінің 9-сынып оқушылары төбелескен. Жанжалдан ешкім зардап шекпеген. Алайда, кикілжіңнің видеосы Интернетке шығарылған. Төбелескендердің барлығы анықталды. Тергеу нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарына ҚР Әкімшілік кодекстің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша хаттама толтырылды. Олардың барлығы сот алдында жауап береді», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Жасөспірімдер құқық қорғау органдарының арнайы есебіне тіркеуге алынды.