Атырауда тізе жарақатынан жүре алмай қалған 9 жасар қыздың тұсауы кесілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық балалар ауруханасындағы «Қамқорлық» оңалту орталығында 9 жасар қыздың тұсауы кесілді. Жыл басында оның сол жақ тізесі жарақаттанып, жүре алмай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 31 қаңтарда Жылыой ауданында тұратын Альмира есімді 9 жасар қыз мектептен келе жатып бұралқы иттен қашқан. Сол кезде жол жиегіне құлап, сол жақ тізесін бордюрге соғып алған.

«Алдымен, Жылыой аудандық орталық ауруханасына қаралған. Кейін оған 2 ақпанда облыстық балалар ауруханасында жамбас сүйегіне екі ота жасалды. Ал, 8 шілде күні жамбас сүйегінен имплантталған фиксаторларды алып тастау отасы сәтті өтті. Бұдан соң амбулаторлық бақылауға алынып, реабилитациялық орталықта емделді. Сол күні облыстық балалар ауруханасының базасында орналасқан «Қамқорлық» оңалту орталығына жатқызылды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Аталған орталықта оңалтудан сәтті өткен Альмира қайтадан қалыпты жүруге мүмкіндік алған. Осыған орай, облыстық балалар ауруханасының жас маманы, травматолог Жақсылық Мағзомов 9 жасар қыздың тұсауын кесті. Альмира отбасына оралды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 1 жасар баланың миына күрделі ота сәтті жасалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар