Атырауда теріс діни ағымды насихаттаған 40 адам жазаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда теріс діни ағымды насихаттаған 40 адам жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтың мәлім етуінше, ғаламтор деструктивті діни ағым идеологиясын таратудың негізгі желісіне айналған.

«Биылғы алты айда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптарын бұзған 40 дерек анықталып, 40 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды. Осы кезеңде әлеуметтік желіде дәстүрлі емес діни бағытты насихаттаған 94 453 қауымдастық пен топ бұғатталды. Сондай-ақ, 139 240 азаматтың әлеуметтік желідегі парақшасына зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде 442 қолданушының парақшасы дінтану сараптамасына жолданды»,-дейді Қайролла Көшқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталған еді.

Соңғы жаңалықтар