Атырауда теракт туралы жалған хабар берген азамат тергеліп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда  терроризм актісі туралы жалған хабар берген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға Атырау қаласында 8 қазан күні орын алған. «102» операторына белгісіз адамнан қалдырылған хабарламадан кейін жедел қызметтер жұмылдырылған. Санаулы уақыт ішінде күдіктінің тұрған жері анықталды», деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, жыл басталғалы облыста 2 жалған хабарлама беру оқиғасы тіркелген. Оның бірінде 1986 жылы туған азамат Құлсары қаласындағы дүкенде жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Сот шешімімен Құлсарылық азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар